Наши посты

Құрт - Банкетный ресторан "Толеп"

Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы. Құрт сөзі құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.

Құртты дайындаудың бiрнеше түрi бар:
1. Әдетте сүзбенi кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi де, қысады. Онан соң оларды тақтаға жайып, кептiредi. Кептiру барысында бiрнеше рет аударады. Мұндай құрт сүзбе құрт деп аталады.
2. Айранды бiрнеше күн бойы ағаш ыдысқа жинайды. Онан соң барлық айранды қазанға құяды да, қою масса пайда болғанға дейiн қайнатады. Массаны салқындатады, кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi. Мұндай қайнатылған құртты жоғары пайдалы өнiм, оны ұзақ сақтауға болады.

Қызықты дерек: Бұрын, лагерге қуғындалған адамдарға тамақ берілмейтін және оларға көмек көрсету тыйым болатын. Қазақ халқымыз айла тауып, жәрдем ретінде ақ тасқа ұқсайтын құрт ататын.