Март 22, 2018
Наурыз көже - Банкетный ресторан "Толеп"
Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында 7 саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге 7 дәм қосылады. Олар: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз және тағы басқалар. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша, бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.